Ғылыми жобалар байқауы.
- nisuralsklibrary
- Dec 6, 2013
- 1 min read
5-желтоқсан күні НЗМ–де «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік даму модельдері» атты оқушылардың мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Аталмыш байқауда гуманитарлық бағыт бойынша 9-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды. Байқауда барлығы 14 жұмыс қорғалды. Оқушылардың ғылыми баяндамасына әділқазылар (физика ғылымының кадидаты, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры Сырым Жәлел Сырымұлы, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Ихсанова Алтынзер Амирқызы, қоғамдық пәндер мұғалімі Султанов Айдар Хамидуллович, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Максутова Жансауле Артуровна,физика, информатика пәндері кафедрасының меңгерушісі Бисеков Қанат Хамитович) төрелік етіп, зерттеген тақырыптары бойынша сұрақтар қойылды. Мектепішілік ғылыми жұмыстар жеңімпаздары марапатталатын болады.
Дуйсмагамбетова Алима Муратовна, қазақ тілдің мұғалімі.
Comentários