top of page
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасы

Кітапхананың жаңалықтарын, буктрейлерлар мен  қызықты мақалалар жариялайтын, кітаптарға шолу жасайтын, оқушылар шығармашылығымен таныстыратын және тағы да басқа көптеген оқиғалармен бөлісетін өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық алаң - біздің өзіміздің жеке сайтымыз. 

Біздің ұранымыз – шығармашылық және креатив, сонымен қатар, әрине кітап және оқу! 

Сіздерді сайтымызда және Facebook әлеуметтік желісінде күтеміз!!!

"Pathfinder" - ақпараттық сервис біздің кітапханамызда.

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар!

 

Біздің мектептің кітапханасында хабарлама тізімін жасайтын "Pathfinder" ("Із кесуші") бағдарламасы қызмет көрсетеді.

 

Pathfinder – кітапхана қызметкерлері арқылы жасалатын  белгілі бір тақырыпқа арналған хабарлама көздерінің (кітаптар, журналдар мен газеттер, Интернет желісінің көздері)  тізімі.

 

Егер, Сіз ғылыми жұмыспен айналысып жүрген болсаңыз, Сізге тақырыбыңызға байланысты жұмыстану үшін көп мәлімет қажет болады. Соған орай, Сіз кітапхана қызметкерлеріне сұраныс бере аласыз.

Біз кітапханадан Сіздің тақырыбыңызға байланысты әдебиеттер немесе интернет желісінен ақпарат көздерін тауып бере аламыз. Ол үшін алдын-ала тақырыбыңыз бен жұмыс түрін (зерттеу жұмысы) анық жазыңыз.

 

Барлық сұрақтарыңыз бойынша кітапханаға хабарласыңыз.

Оқытушылардың және НЗМ қатысушылардың Twig-Bilim электронды білім ресурсын пайдалануларына толық мүмкіндіктері бар.

Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы, инновациялық компания.

 

Twig World – видео фильмдер түріндегі оқуға арналған ресурстар ұсынатын, көптеген халықаралық марапатқа ие маңдайалды британдық білім беру компаниясы.

Bilim Media Group жəне Twig компаниялары бірлесе отырып қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерге əлемге үздік деп танылған онлайн білім беру қызметін ұсынады. 13 тілге аударылып, 35 елде іске қосылған бұл инновациялық оқыту құралы 2012, 2013 жəне 2014 жылғы білім беру технологияларының бүкілəлемдік көрмесінде (BETT) қатарынан үш мəрте ең үздік атанды.

Бұл білім беру кешені мектеп бағдарламасындағы химия, физика, биология, математика, география және жаратылыстану пəндері негізіндегі өте қызықты 2000-нан аса қысқа фильмнен (3 минут) тұрады.

Əр фильмге көрнекі құрал ретінде дайындалған тақырыпқа сай иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тест тапсырмалары берілген.

Фильмге негіз болған материалдар əлемге танымал ВВС жəне Associated Press студияларының мұрағаттарынан алынған.

 

Соның арқасында бұл платформа қазақ тілін, ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеруде таптырмас көмекші құралға айналмақ.

Бізде халықаралық EBSCO деректер қорына шығу мүмкіндігі бар!

Деректер қорына Орал қ. ФМБ НЗМ барлық оқушылары мен оқытушыларының шығу мүмкіндігі бар. Логин мен парольді кітапханадан ала аласыз.

EBSCO халықаралық деректер қорының қандай артықшылықтары бар? Біріншіден, сіз ғаламтордан таба алмайтын кең ауқымдағы ақпарат көздері осы жерден табылады. EBSCO халықаралық деректер қоры білімнің әр саласынан (әдебиеттер, мақалалар, толық мәтінді журналдар, телевизия және радио бағдарламаларының аудиокітаптары мен аудиожазбалары, графикалылық мәліметтер - суреттер, фотосуреттер, т.б., тест тапсырмалары, ағылшын тілін үйренушілерге арналған деңгейлік мәтіндер, т.б.) хабардар ететін ақпараттар ағынын бере алады.

Ақпараттардың бағыты да әрқилы – жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша, сонымен қатар 1980 жылдан қазіргі заманға дейінгі хронологиялық тәртіптегі мәліметтер жинақталған.

EBSCO халықаралық деректер қорында сіздің өзіңізге аккаунт жасауға, мәліметтерді орыс тіліне аударуға, жүктеуге, өзіңіздің немесе басқалардың поштасына (кітапты, мақаланың мәтінін, мәтінге сілтемені) жіберуге  мүмкіндігіңіз бар.

Қолданушыларды қолдау сайты: http://support.ebsco.com/.

Орыс тіліндегі EBSCO қолдану жөніндегі анықтамалық оқу мәліметтер сайты:  http://support.ebsco.com/training/lang/ru/ru.php.

 

 

«НЗМ оқушысы оқуға тиіс 100 кітап» жобасы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» білім беру бағдарламалары аясында қазақ, орыс, шет ел әдебиетінің белгілі, қызықты шығармаларын қамтитын кітаптарды оқу жобасы дайындалған болатын. Тізімде НЗМ әрбір оқушысы оқуға тиіс жүз кітаптың атауы берілген. 

Сонымен қатар, қазақстандық kitap.kz ашық кітапханасында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары үшін  арнайы жасақталған "100 КІТАП" электронды кітапханасы бөлімі  іске қосылғандығын қуана хабарлаймыз.

Жаңа әдебиеттер

Мұнда сіз соңғы айлардағы жаңа әдебиеттермен таныса аласыз.

Фотогалерея

Фотогалерея бізді мейрамдар, мерекелік іс-шаралар, оқиғалардан хабардар етеді. 

Please reload

bottom of page