top of page

Кітапхана 2012 жылдың қыркүйек айында - Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзі ашылған күннен бастап өз есігін ашты. Ашылған сәттен бастап біздің мақсатымыз – кітапхана жұмысын мектептің ерекше білім, ақпарат, мәдени орталығына айналдыру, халықаралық дәрежеге жету үшін кітапхана жұмысын жандандыру, кітапхана оқырмандарының ақпаратқа ашық, еркін қол жетуін қамтамасыз ету. 

Біздің кітапхананың сөрелерінде не сақтаулы? Заманауи мектептің кітапханасы 21 ғасырдың – жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтар ғасырының оқушысының талабына жауап береді. Сөренің сырлары тек кітаппен ғана шектелмейді, оқушылар үшін білімді СD-дискке де сақтайды. Және де кітапханада әлемдік желі – ғаламторға кіру мүмкіндігі бар. Сондықтан осындай кітапхананы заманауи көпфункционалды ақпаратты орталық деп атауға толық құқылымыз.

Орал қ. НЗМ-нің кітапханасы дербес компьютерлермен, интерактивті тақтамен және Activ table планшеттік үстелімен жабдықталған. Қазіргі уақытта кітапхана қорында 2 мыңнан астам кітап бар. Олар 3 тілдегі оқулық, әдістемелік, салалық, көркем әдебиет және анықтамалық кітаптар. Әр кітаптың cөреде өз орны, туу мен кітапханаға жету жолының өзіндік тарихы бар. Кітап қорының бір тәртіпте сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, құрметті оқырмандарымыздан кітапты қолданылғаннан кейін алған орнына қайта қоюларын сұраймыз.

Кітапхана ережесі:

 

Оқырмандардың міндеттері:

 

  1. Кітаптарға, баспаның шығармаларына, кітапхана қорынан алынған материалдарға мұқият қарап, қолмен түзетпей, жыртпай, парақтарын бүктемей ұстау керек;

  2. Штрих-код этикеткасын бүлдірмеуге тиіс;

  3. Каталогтан, картотекадан карточкаларды шығаруға болмайды;

  4. Ашық қордағы кітаптар мен басқа құжаттардың орналасуын тәртібін бұзуға болмайды;

  5. Тыныштық сақтау: кітапхана ішінде қатты сөйлеуге, ұялы телефон қолдануға, сырт киіммен жүруге немесе оны қолына ұстап кіруге, кітапхана жиһаздарын қозғауға немесе басқа да қимылдар арқылы оқырмандардың көңілін аударуға болмайды;

  6. Кітапхана жиһаздарына, жабдықтарына мұқият қарап, кітапхананы таза ұстау қажет;

  7. Кітапхана залынан оқырман формулярына немесе басқа есеп құжатына тіркелемеген кітаптарды, құжаттарды алып шығуға болмайды;

  8. Қордан алынған кітаптар мен құжаттарды белгіленген мерзімде қайтару керек;

  9. Әр жыл сайын оқырманға берілген кітаптардың атауларымен оқырман формулярын белгіленген мерзімде қайта тіркеу;

  10. Кітапханаға тегінің, мекен-жайының, байланыс телефонының өзгергені туралы хабар беру;

  11. Мектептен шығатын жағдайда кетуінен 3 күн бұрын кітапханаға алынған кітаптар, оқулықтарды тапсырып, кету қағазын толтыруы керек;

 

Оқырман кітапханадан алған әрбір дана оқу құралы үшін жауапты, сондықтан:

 

  1. Кітап немесе баспаның басқа шығармаларын, мәліметтерін аларда оқырман оларды мұқият қарап, ақау кездесіп жатса,  кітапханашыға хабарлауы керек. Олай болмаған жағдайда кітаптың кемістігі үшін соңғы қолданған оқырман жауап беретін болады;

  2. Басқа оқырмандармен бірдей әдебиеттерді алмастыруға болмайды, себебі әдебиет қайтарылғанда кітапханашы  штрих-код бойынша кітап кімге берілсе, сол оқырманнан сызып тастайды.

 

 

Жалпы ақпарат. Байланыстар.

Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гульжан Утепбергеновна

Кітапханашы: Петрова Юлия Евгеньевна

 

Кітапхананың жұмыс уақыты:

Дүйсенбі - жұма: 8.00 - 20.00

Сенбі: 8.00 – 15.00

Жексенбі: демалыс

 

Біздің электронды мекен-жайымыз: 
nislibrary@mail.ru

 

bottom of page